Аймақтар • 01 Сәуір, 2020

Шымкенттегі «Самал-1» шағын ауданы карантинге жабылды

690 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Шаһардағы коронавирус жұқтырған үшінші науқас осы шағын ауданда тұрған. Осы аумақта «санитарлық-эпидемиологиялық шаралар күшейтілетін болады»,  деді қаланың бас санитарлық  дәрігері Әбдіманап Төлебаев. 

Шымкенттегі «Самал-1» шағын ауданы карантинге жабылды

Шымкенттің бас санитарлық дәрігері қала тұрғындарынан карантин шараларын қатаң сақтауды сұрайды. Әрі вирустан сақтанудың тиімді жолы осы екенін айтып отыр. 

Естеріңізге салар болсақ, Шымкент қаласында  1 сәуір күні коронвирус жұқтырған 1 азамат тіркелді. Ол 51 жасар қала тұрғыны еді. 

Науқас қазіргі уақытта Шымкент қалалық жұқпалы аурулар аураханасына оқшауланып, ем қабылдауда. Жағдайы бір қалыпты.

Дертті жұқтырған азаматпен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде.

 

Шымкент